Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
16 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөз
3,592
оқылды

Елдің солтүстік-батысы мен солтүстігіндегі жекелеген аудандарда нөсер жауынмен бірге бұршақ жаууы мүмкін.
«Қазгидрометтің» мәліметіне сәйкес, республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрып, түнгі және таңертеңгі мезгілде даланы тұман басады.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +19+21°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +30+32°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +30+32°C, желдің жылдамдығы түнде 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.