Қарулы Күштерде болған тағайындау туралы Ақорда мәлімдеді.
Серік Борамбаев қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz
4,088
оқылды

Президент Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады,  деп хабарлайды  Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен:

Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

1969 жылы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

1) 1986 ж. – Алматы қ., РОМИ.

2) 2009 ж. – Атырау Мемлекеттік университеті (сырттай)

әскери cала бойынша:

1) 1990 ж. – Киев жоғары саяси әскери-теңіз училищесі.

2) 2007 ж. – РФ ҚМ әскери университеті.

3) 2010 ж. – РФ ҚМ әскери университетінің Адъюнктурасы (сырттай)

4) 2015 ж. – Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстар

5) PhD докторы ғылыми атағы бар

Әскери шені: генерал-майор (2021)

Әскери шені: вице-адмирал (2025).

1969 жылы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген.

1990 жылы Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген.

2016 жылы ІІ дәрежелі "Айбын" ордені мемлекеттік наградасымен марапатталды.

1990-1992 жылдар аралығында Қызыл тулы Каспий флотилиясының әскери бөлімдерінде әскери қызметін атқарды;

1992-2004 жылдар аралығында жергілікті әскери басқару органдарында әскери қызметін атқарды;

2004 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың тамыз айына дейін институт бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары – ҚР ҚМ Әскери-теңіз институтының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы;

2005 жылдың тамыз айынан 2007 жылдың маусым айына дейін РФ ҚМ әскери бөлімінің тыңдаушысы;

2007 жылдың маусымнан 2008 жылдың қаңтарға дейін "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының аға офицері»;

2008 жылдың қаңтарынан 2011 жылдың мамырына дейін институт бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, институт бастығының орынбасары – Әскери-теңіз институты штабының бастығы;

2011 жылдың мамыр айынан 2013 жылдың шілде айына дейін 29011 әскери бөлімінің командирі – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары;

2013 жылдың тамыз айынан 2014 жылдың қазан айына дейін ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы;

2014 жылдың қазан айынан бастап 2015 жылдың шілде айына дейін ҰҚУ жанындағы БШФ АК тыңдаушысы;

2015 жылдың шілдесінен 2016 жылдың қазан аралығында Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары (тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша) – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы;

2016 жылдың қазанынан 2019 жылғы маусым аралығында ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникация департаментінің бастығы;

2019 жылдың маусымы мен қараша айлары аралығында ҚР ҚК Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы.

2019 жылдың қарашасынан 2022 жылғы шілдеге дейін Бас штаб бастығының орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы;

2022 жылдың шілдесінен 2023 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы.

2023 жылдың ақпаннан 2024 жылдың маусымға  дейін Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы - ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары.

2024 жылғы 25 маусымда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.

Сондай-ақ Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.