Қасқыр тауынан 5 жасөспірім құтқарылды.
Қасқыр тауы: ТЖМ құтқарушылары жасөспірімдер тобын қауіпті жартастан алып шықты
Видеоскрин ТЖМ
499
оқылды

Кеше күндіз Алматы қаласының Бостандық ауданында  Қасқыр тауында 5 адамнан құралған жасөспірімдер тобы тау бөктерімен көтеріліп келе жатып, жартасты жыраға түсіп кетіп, өз бетімен шыға алмай қалған,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Хабар топтың бір қатысушысынан келіп түсті, геолокация белгілі болды.

Оқиға орнына РҚҚЖ ТЖМ ҚР жедел тобы шықты. Топ құрамында кинологиялық есеп және қажетті жабдық болды.

Тау жотасының күрделі, тасты бедеріне байланысты зардап шеккендерге жету 4 сағаттан астам уақыт алды.

Кері қайту жолын көптеген жартасты бөктерлер мен қараңғы уақыт қиындатты, дегенмен барлық адам құтқару техникасына аман жеткізілді. Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болған жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.