Журналист Жасын Біркенов жаңа қызметке тағайындалды.
Жасын Біркенов Президент баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды
Фото: 24.kz
967
оқылды

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы орынбасары қызметіне Жасын Біркенов тағайындалды. Бұл туралы Aikyn.kz 24.kz  арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жасын Біркенов 1989 жылы 30 сәуірде дүниеге келген.

2010 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008-2010 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, редактор-үйлестірушісі болып бастаған.

2010 жылы наурыз-қыркүйек айы аралығында «ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің муниципалды телерадиокомпаниясы» КММ тілшісі болды.

2010-2011 жж. – «Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының телебағдарламалар шығару бойынша шығармашылық қызметінің редакторы;

2011-2012 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ тілшісі;

2013 жылы қаңтар-қазан айы аралығында «Телекомпания ЭРА» ЖШС ақпараттық бағдарламалар департаментінің тілшісі;

2014-2015 жж – «ERA Television Company» ЖШС ақпараттық бағдарламалар бөлімінің тілшісі;

2015-2021 жж. – «Хабар» Агенттігі» АҚ «Хабар 24» арнасының тілшісі, меншікті тілшісі (Өзбекстан мен Украинада), бас редакторы;

2022-2023 жж. – «Атырау Ақпарат» ЖШС бас директоры;

2023 жылдың 16 қазанында «Хабар» Агенттігі» АҚ «24 KZ» арнасының директоры болып тағайындалды.