Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылының тұрғыны Наталья Фрей 2018 жылдан бері құс шаруашылығымен айналысып келеді.
Құс шаруашылығы – маңызды тізбек
4,938
оқылды

Ол осы отбасылық кәсібінің аясын кеңейту мақсатында «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алды.

«Былтыр біз «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алдық. Бұл қаражат бізге өндіріс аясын кеңейтуге, жем мен инкубациялық жұмыртқа сатып алуға мүмкіндік берді. Осылайша, біз өнім көлемін ұлғайтып, балапандарды өз ауылымызда және аудан орталығында сата бастадық. Бұл бағдарлама расымен де ауылдық жерлерге қолдау көрсету мақсатында әзірленген. Ауылда тұрып, кәсібімізді дамытып, өзімізді жаңа бағыттарда сынап көріп жатқанымыз көңілге қуаныш ұялатады», – деді ол.

Батыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» жобасы 2023 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт аралығында өңірде 1 200-ден астам жоба қаржыландырылды. Жалпы сомасы 8,5 млрд теңгені құрайтын 1 250-ден астам шағын несие беріліп, шамамен 1 470 жұмыс орны құрылды. Қаржының басым бөлігі мал шаруашылығына бағытталды. Алайда жылыжаймен, омарта шаруашылығымен, қайта өңдеумен және ауылдық сервиспен байланысты көптеген жоба бар. Бағдарламаның өңірдегі операторы – Aqjaiyq ӘКК. Оған қатысушылардың айтуынша, жоба тұрақты кірісті қамтамасыз етіп қана қоймай, өндірістен сатылымға дейінгі тізбекті құра отырып, кооперацияны нығайтуға көмектеседі.

Елнар ЕЛТАЙ