Астанада Тәжікстан өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Күніне 1 тонна палау мен түрлі тағамдар сатылады
Фото: gov.kz
1,702
оқылды

Астанада 16-17 тамыз күндері Тәжікстан Республикасы Соғды облысының ауыл шаруашылығы өнімдері мен халық қолөнері бұйымдарының жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Тәжікстан кәсіпкерлері ауыл шаруашылығының 1 000 тоннадан астам өнімін сатуға әкеледі: жеміс-жидек, құрма, жаңғақ, көкөніс, бақша өнімдері және өзге де дәнді-дақылдар.

Жәрмеңкеде ұлттық ас мәзірі де ұсынылады:
• 10 қазанда палау (күніне кемінде 1 тонна палау);
• 6 тандырда нан мен самса (күніне кемінде 5 000 дана тағам).

Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау және дамыту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Ғасырлар бойы тәжік мәдениеті парсы мен түркі әлемінің дәстүрін бойына сіңіріп келген. Тәжікстанның басты ерекшеліктерінің бірі – Шығыстың рухын жеткізетін түрлі-түсті базарлар.

Іс-шара елорда тұрғындары мен қонақтарына сапалы өнімдер мен шеберлердің бұйымдарын сатып алуға ғана емес, сонымен қатар шығыс базарының ерекше атмосферасын сезініп, шығыс асханасының дәмді тағамдарынан дәм татуға мүмкіндік береді.

Жәрмеңке 16 тамыз күні сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін, ал 17 тамыз күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Барыс Арена» маңындағы аумақта өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.