Ұлттық құрама Грузияда жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Күрес түрлерінен әлем чемпионатына дайындық
Фото: ашық апарат көзінен алынды
3,660
оқылды

Бір айдан кейін Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.

Оған қатысатын ұлттық құрама жасақталып, ресми тізімі жарияланды.

Атап айтқанда, 57 келіде Әділет Әлмұхамедов, 61 келіде Асылжан Есенгелді, 65 келіде Начын Куулар, 70 келіде Нұрқожа Қайпанов  белдеседі. 74 келіде Әлібек Әбілқасым, 79 келіде Болат Сақаев, 86 келіде Азамат Дәулетбеков, 92 келіде Камил Куруглиев, 97 келіде Ризабек Айтмұхан, ал 125 келіде Әлішер Ерғали бозкілемге шығады.

Мадияр Құрамысов баптайтын жігіттер қазір Грузияда жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Әлем чемпионатының өзі 13 қыркүйекта басталып, 21 қыркүйекке дейін жалғасады.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.