Жұмысшы мамандықтары жылы аясында биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша колледждерге техникалық және кәсіптік білім алу үшін 150 мыңға жуық студент қабылданады.
Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық және кәсіптік білім беру саласына 150 мың грант бөлінді
Фото: Үкімет
1,102
оқылды

Үкімет отырысында Премьер-Министр колледждер мен жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығына ерекше назар аударды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша колледждерге техникалық және кәсіптік білім алу үшін 150 мыңға жуық студент қабылданады.

«Колледждер дуалды оқыту, қамқорлыққа алу, өндірістік тәжірибе арқылы кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеуі тиіс. Әрбір студент еңбек нарығының талаптарына сәйкес нақты кәсіби дағдыларға ие болуы керек. 

Сондай-ақ жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету қажет. Инфрақұрылым мен жатақхана ғана емес, сонымен қатар оқу бағдарламаларының заман талабына сай болуын да назарда ұстау қажет. Мамандар тапшы болып отырған инженерлік, IT, педагогикалық, медициналық бағыттарға ерекше назар аударған жөн», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.