Премьер-Министр ол үшін биыл 23 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты көзделгенін атап өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап. Бұл кемінде 500 мың баланы әлеуметтік қолдауға мүмкіндік береді.
«Жаңа оқу жылы қарсаңында мемлекеттің қолдауына мұқтаж балалардың барлығына дер кезінде материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс», – деді Олжас Бектенов.
«Өңір әкімдері осы жұмысты бақылауға алсын. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге 1 қыркүйекке дейін барлық оқушыны оқулықтардың толық жиынтығымен қамтамасыз етсін. Мектептегі тамақтандыру сапасы балалардың денсаулығы мен дамуы үшін маңызды бағыт саналады. Денсаулық сақтау министрлігі мен өңір әкімдіктері тамақтандыру стандарттары мен санитариялық нормалардың сақталуына бақылауды күшейтуі қажет», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар, Премьер-Министр Үкімет отырысының қорытындысына сәйкес, мектептердің, колледждердің және жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылының басталуына дайындығы бойынша салалық министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді.
Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында айтылған Мемлекет басшысының еліміздегі білім беру мекемелерінде «Адал азамат» бағдарламасын енгізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Оқу-ағарту министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірге бір ай мерзімде «Адал азамат» бірыңғай білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын бекіту тапсырылды. Бұл тәрбие және оқыту жүйесін қалыптастыру бойынша кешенді әрі жан-жақты шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктері білім беру бағдарламаларының практикалық бағытта болуына баса мән беру жөнінде шаралар қабылдау міндеттелді. Сондай-ақ оқу нәтижелері үшін колледждер мен жоғары оқу орындарының жауапкершілігін арттыру бойынша шараларды пысықтауы қажет.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.