Ғалымдар мен психологтардың зерттеуінше, ең бақытты адамдардың ортақ дағдылары бар
Бақытты адамдардың ортақ 7 дағдысы
istockphoto.com
6,618
оқылды

Бақыт — туа бітетін қасиет емес, қалыптасатын әдет. Ғалымдар мен психологтардың зерттеуінше, ең бақытты адамдардың ортақ дағдылары бар.

  1. Таңды мақсатпен бастау — Күніңізді жоспарлап, ең маңызды істерді белгілеу.

  2. Шүкіршілік ету — Күн сайын жақсы нәрселерді еске алу миды позитивке баулиды.

  3. Дене белсенділігі — Жаттығу эндорфин бөледі, ол көңіл-күйді көтереді.

  4. Ашық әңгімелесу — Жақын адамдармен шынайы қарым-қатынас — мықты эмоционалды қорған.

  5. Жаңа нәрсе үйрену — Мидың сергектігін сақтайды және өмірді қызықты етеді.

  6. Көмек көрсету — Басқаларға көмектесу өзін де қуантады.

  7. Табиғатта уақыт өткізу — Қысқа серуеннің өзі күйзелісті азайтады.