Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова Instagram желісінде бейнежазба жариялап, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына назар аударды, – деп хабарлайды Аikyn.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«Кете алмай жүрмін…»: Мөлдір Мұқанова күтпеген жазба жариялады
Фото: Instagram
2,643
оқылды

Оның айтуынша, күн сайын дерлік оншақты әйел жеке хабарласып, көмек сұрайды.

"Күнде 10 шақты қыз жазып, “Не істесем болады? Қайда барам? Кете алмай жүрмін…” деп жылайды. Дауыстары дірілдеп, жүректері қорқып, жан дүниесі қысылады", – дейді Мұқанова.

Ол зорлық-зомбылыққа төзуге мәжбүр болатын жағдайлардың көп екенін атап өтті.

"Себептер әртүрлі. Балалар бар, баратын жер жоқ, қаржы тапшы, «Мүмкін, өзгерер» деген үміт, ата-ананың сөзі, ұялу сезімі, өзін кінәлі сезіну. Бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз: өміріңіз – өз қолыңызда", – деп түйіндеді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.