Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.
Ақтауда арнайы жасақ жергілікті тұрғынды ұстады
Фото: Маңғыстау облысы полиция департаменті
1,877
оқылды

31 шілдеде Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы мақсаттағы "Беркут" бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласының 6-шағынауданында 1970 жылы туған жергілікті тұрғынды ұстады.

Тінту жүргізу кезінде одан есірткі заттары табылып, тәркіленді, сондай-ақ медициналық куәландыру барысында оның есірткі пайдаланғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі (есірткі заттарын заңсыз айналымға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және Қазақстан Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабы (медициналық емес мақсатта есірткі қолдану) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.