Бүгін республика бойынша жауын-шашынсыз болады.
10 тамызға арналған ауа райы болжамы
3,949
оқылды

Тек елдің батысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде және таңертең елдің солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтілуде.

Астанада күн бұлтты. Ауа температурасы +23+25°С. Күндіз желдің жылдамдығы 2-7 м/с, кейде 5-10 м/с-ге жетуі мүмкін.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +34+36°С. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз 13 м/с-ке жетеді.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +37+39°С. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.