Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.
СҚО-да 15 жастағы бала өзіне оқ атып, көз жұмды
Фото: ашық дереккөз
1,663
оқылды

Қайғылы оқиға кезінде үйде ата-анасы болмаған. Қазір полиция мән-жайды анықтап жатыр.

"Жамбыл ауданының Пресновка ауылында кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.