Танымал әнші Сәкен Майғазиев Джей Лоның Астанада өткен концертіне қатысты “онлайн сатылым ұйымдастырды” деген қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Аikyn.kz bairaqmedia-ға сілтеме жасап.
«Қарғыс айтпа! Көргің келмесе көрме!»: Сәкен Майғазиев онлайн тойын сынағандарды орнына қойды
Фото: ашық дереккөз
3,097
оқылды

Әлеуметтік желідегі бірқатар пабликтерде осындай ақпарат тараған еді. Әншіге сол жазба астындағы пікірлер қатты әсер еткен сыңайлы. Кейбір қолданушылар оны келемеждеп, жағымсыз сөздер жазған.

«Адамға қарғыс айту үшін адамға қандай деңгей керек екеніне әлі күнге дейін таңмын. Мейлі, оны басқа біреу онлайн сатқанның өзінде ол адамға неге жаманшылық тілеуіміз керек? Сен көргің келмесе көрме, көргің келсе көр. Оның үстіне бұл жалған ақпарат. Мен қайда, Джей Ло қайда? Мен бес-алты күнге елге барып келдім. Анама барып, туған жерде аунап-қунап қайттым. Алматыға қайтып келе жатқанда осындай парақшаны, ақпаратты көріп таңғалдым. Тәптіштеп түсіндірген екен. Бұл әзіл қосылған сатира дегендей... бірақ соны оқымастан біраз адамның аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып жатыр екен. Мен сіздерге айтқым келеді: имани иммунитеті көтеріліп кеткен адам ретінде бұл маған мүлде әсер етпейді. Талайды көрген адаммын. Кемелденген жасқа толғаннан кейін, маған кез келген адамның ғайбаты өзіне қайтып келетініне немесе маған сауап болып қосылатынына әбден сенген адаммын. Сондықтан мұндайға мұртым қисаймайды. Жандарым, жүрегімізді тазалайық», - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.