Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ­етті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қо­ғам­дық оптимизм» Жолдауында белгіленген стра­тегиялық бастамаларды іске асыру мен Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасын орындау мақ­сатында Қаржы министрлігі шекара маңындағы кедендік инфрақұрылымды жаңғыртудың кешенді бағдарламасын жүзеге асырып келеді.
Шекара инфрақұрылымы жаңарды
4,642
оқылды

Бірінші кезеңде ҚХР және Өзбекстанмен арадағы шекаралық аймақтарда төрт заманауи өткізу пункті пайдалануға берілді. Осы арқылы жүктердің ағыны едәуір артып, сыртқы эко­номикалық қатысушылардың жағдайы жақсара түсті.

Маңғыстау облысына жаса­ған жұмыс сапарында Қаржы минис­тр­лі­гінің аппарат бас­шысы Ернар Ержанов Мемле­кеттік кірістер комитетінің бас­шылығымен бір­ле­сіп, «Тәжен» және «Темір баба» шекаралық өткізу пункттерін ара­лап көрді. 

«Темір баба» өткізу пункті – Қа­зақстанның Түрікменстан Республикасымен шекарасында орналасқан жалғыз автомобиль өткізу пункті. Оның география­лық орналасуы шетелдік тасы­малдаушыларға Түрікменстан арқылы Түркияға, Пәкістанға, Ауғанстанға, БАӘ-ге және басқа да елдерге шығуға жол ашып отыр. Яғни, Еуропадан аталған елдерге жөнелтілетін барлық та­уар мен азық-түлік «Темір баба» (іргелес пункт – «Гарабогаз») арқылы өтеді. Бұдан басқа, елі­міз­дің аумағына Түркиядан халық көп тұтынатын түрлі тауар мен мұнай-газ өнеркәсібіне ар­налған жабдықтар импортталады. Түрікменстан мен Пәкістаннан Маңғыстау өңіріне ішкі нарыққа арналған көкөністер мен жеміс­тер жеткізіледі.

«Тәжен» өткізу пункті Қазақ­стан – Өзбекстан шекарасында, атап айтқанда еліміздің батыс­ында жатыр. Бұл жер Орталық Азияны Ресеймен және Еуропа­мен байланыстыратын өңірдегі жалғыз автомобиль өткізу пункті болып есептеледі. «Тәжен» арқы­лы негізінен Ресейге және үшінші елдерге (соның ішінде Еуропаға) транзиттік жүктер (90%) өткізіліп келеді, сондай-ақ осы аумақ арқы­лы Өзбекстаннан Ресейге еңбек мигранттары қатынайды. Бұл нысанда құрылыс және тех­никалық жұмыстар жүргізіліп жатыр: қозғалыс жолақтары кең­ейтіліп, заманауи инспекция­лық-тексеру кешендері, автомат­ты сал­мақ қондырғылары және цифр­лы бақылау жүйелер орна­тылып келеді. Жаңғырту жұмыс­тарына қарамастан өткізу пункті жүктердің тұрақты ағынын қам­тамасыз етіп, штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Ернар Ержанов бұл жобалар­дың іске асырылуын бақылау тиісті жұмыстар толық аяқталған­ға дейін тұрақты түрде жүргізіле­тін атап өтті. 

Көшпелі кеңестің қорытын­дысы бойынша құрылыс жұмыс­тарын жеделдетуге және кеден пун­кт­терінің жұмыс істеу тиімді­лігін арттыруға бағытталған нақ­ты тапсырмалар берілді. Мердігер ұйымдарға жаңғырту жұмыстар­ын қарқындату үшін нысандағы қызметкерлер мен техника санын қысқа мерзімде ұлғайту жүктелді. Мем­лекеттік кірістер комитетіне қажетті жұмыстарды ұйымдас­тыру кезінде анықталған кемші­ліктерге байланысты «Тәжен» және «Темір баба» кеден бекет­те­рі­нің басшыларын тәртіптік жау­апқа тартуды қарау тапсырылды.

Асыл ТҰМАР