Шонжы ауылында қазіргі заман талаптарына сай заманауи музей салынады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде айтты.
Шонжыда заманауи музей салынады
4,438
оқылды

Жоба аясында ұлттық стиль­дегі сәулеттік шешімдер, интерак­тивті көрме залдары, балалар сту­диясы және лекторийлер қара­с­ты­рылған. Құрылысты 2025–2027 жылдар аралығында кезең-кезеңі­мен жүзеге асыру жоспарлануда. Жобаның құны – 1,3 миллиард теңге. Құжаттама мемлекеттік сарап­тамадан өтті.

«Инфрақұрылымдық жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, ұлттық құн­дылықтарды насихаттауға ықпал етуі тиіс. Ұйғыр ауданында шама­мен 90 мың адам тұрады. Әр тұр­ғын үшін қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндетіміз», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ сапар барысында Шырын ауылындағы мектептің қайта жаңғыртылу барысы да наз­ар­ға алынды. 2024 жылғы қаңтар­дағы жер сілкінісінен кейін үш қа­батты ғимарат апатты деп тан­ыл­ған. Жаңа мектеп 640 оқушыға арналған, жалпы ауданы – 3 267,6 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары ақпан айында басталып, бүгінде 80%-ға аяқталған. Жобаның жал­пы құны – 864,5 миллион теңге.

Сонымен қатар, 1976 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Шон­жы политехникалық колледжінің инфрақұрылымын жаңарту да өзекті мәселе. Қазіргі уақытта мұнда 302 студент білім алуда, ал келесі оқу жылында олардың саны 327-ге жетуі мүмкін. Колледж ди­рек­торы Гүлназ Тегісбаеваның айтуынша, инфрақұрылымды жақсарту білім сапасына оң әсер етіп, жастардың кәсіби әлеуетін арттырады.

Бұл бастамалардың барлығы өңірдің тұрақты дамуын қамта­масыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Ұлттық мұра­ны ұлықтайтын музей, қауіпсіз әрі заманауи мектеп, кәсіби білім сапасын арттыратын колледж – бұлардың барлығы аудан тұрғын­дарының игілігі үшін іске асырыл­ып жатқан маңызды жобалар.

Облыс әкімі Марат Сұлтан­ғазиев өңірдің дамуындағы өзекті мәселелер мен басты басымдық­тарды талқылады. Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұр­ғындар жол жөндеу, газдандыру, жастарды жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығын дамыту мә­се­лелерін де көтерді. Кездесу қорытындысы бойынша тиісті салалық басқармаларға нақты тапсырмалар берілді.

Асыл ТҰМАР