Кәсіби мерекелер саны көбейді.
Қазақстанда 5 жаңа кәсіби мереке бекітілді
Фото: iStock
3,244
оқылды

Елімізде кәсіби мерекелер тізімі жаңартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді деген телеарна жаңа кәсіби мерекелердің тізбесін жариялады.

Жаңа редакцияға сәйкес, кәсіби мерекелер тізбесіне 5 атаулы күн қосылды. Олар:

Қазақстан қолөнершілер күні – 7 шілде;

Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні – 9 шілде;

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкері күні – 15 қыркүйек;

Қоғамдық тамақтану саласы қызметкері күні – 20 қазан;

Қазақстан кәсіпкерлері күні – 29 қазан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.