Федерация Халықаралық тестілеу агенттігіне барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын айтып, қазір спортшының тағдыры бойынша ресми шешімді күтіп отыр.
Өзбекстан допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
Фото: Reuters / Peter Cziborra / File Photo
4,222
оқылды

Өзбекстан бокс федерациясы Халықаралық тестілеу агенттігінің (ITA) өзбек боксшысы, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Лазизбек Муллажоновтың допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылды деген шешімімен келіспейтінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Федерацияның айтуынша, спортшының ағзасынан табылған зат оның 2024 жылдың қарашасында шаш трансплантациясына байланысты алған ем-дом шараларынан болуы мүмкін.

«Лазизбек Муллажонов спорттық мансабында допингке қатысты барлық ережелерді қатаң сақтап келген. Бұған дейін тапсырған допинг сынамалары таза болды. 19 қарашада ол Ферғана қаласында шаш ектіріп, ем-дом қабылдаған. Сол кезеңде қолданылған кейбір препараттардың құрамында тыйым салынған зат болуы ықтимал», –  делінген ресми мәлімдемеде.

Федерация Халықаралық тестілеу агенттігіне барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын айтып, қазір спортшының тағдыры бойынша ресми шешімді күтуде.

Сондай-ақ, ұйым Лазизбек Муллажоновтың Олимпиададағы алтын медалі тартып алынады деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл жағдай Париж Олимпиадасының нәтижесіне еш әсер етпейді. Алтын медаль спортшыда қалады», - деп жазды Өзбекстан бокс федерациясы Instagram парақшасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.