Семейде республикалық «Абай Quiz» зияткерлік ойыны өтті. Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 180 команда қатысты. Олардың қатарында абайтанушылар, студенттер, филологтар мен ұлы ақынның шығармашылығына қызығатын жастар бар.
Абай шығармашылығына арналған куиз өтті
4,436
оқылды

Жалпы сайыс 7 тақырыптық айналымнан тұрды. Әр айналымда 8 сұрақтан, барлығы 56 сұрақ қойылды. Жеңімпаздарға арналған жүлде қоры – 4 миллион 700 мың теңге. 

– Сұрақтардың басым бөлігі Абай Құнан­байұлының өмірі, шығармашылығына арналған. Жобаның негізгі мақсаты – ақын мұрасын осы 180 жылдық аясында дәріптеу, шығармашылығы­мен таныстыру, – дейді ұйымдастырушылардың бірі Қуаныш Молдақашев.

Ойынға барлығы 1 080 адам жиналған. Бұл – еліміздегі куиз форматындағы ойындар арасын­да бұрын-соңды болмаған көрсеткіш, – дейді ұйымдастырушылар. Енді бұл нәтижені Қазақстан рекордтар кітабына енгізуді жоспарлап отыр. 

Мейір ЖАСЫН