Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертінде жанжалға себеп болған әйел — Павлодар облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Думан Қожахметовтың жұбайы екені анықталды, - деп хабарлайды Аikyn.kz Alash.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, Зарина есімді әйел басқа қонақтарға кедергі келтіріп, шу шығарған. Қауіпсіздік қызметкерлері оны залдан қолмен көтеріп алып шыққан.
Жанжал шығарған әйел Instagram парақшасында:
“Концерттен ерекше рахат алдым” деп жазба қалдырған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.