Бұл жобамен 2023 жылы Алматы облысы әкімінің қолдауымен сервистік орталық ретінде құрылған «Алтын Дән» ЖШС айналысады.
Компания 150 гектар алқапқа картоп егіп, тамшылатып суару технологиясын енгізген, - деп хабарлайды Аikyn.kz qazaqstantv-ге сілтеме жасап.
Сонымен қатар Қарой жазығында 1 500 гектар жерге дәнді дақылдар себілген. Кәсіпорында 20-дан астам адам тұрақты жұмыс істейді, егіс маусымында жұмыс күші ұлғаяды.
Басты жетістік – PEPSICO компаниясымен әріптестік орнатылып, арнайы картоп тұқымдары сынақтан өткізілуде. Бұл тұқымдар шетелден әкелініп, жергілікті климатта өсіріледі. Өнім сапасы агрономдар мен сала мамандарының тұрақты бақылауында.
Картоп пен дәнді дақылдарды өңдеуге 20-ға жуық заманауи техника тартылған. Өнімдер Алматы облысы мен Алматы қаласына жеткізіледі, ал арнайы картоп PEPSICO компаниясына жөнелтіледі.
Жалпы, биыл Райымбек ауданында 13 200 гектарға дәнді дақылдар, 2 500 гектарға картоп егу жоспарланған. Бұл – өңір ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге шығаратын нақты қадам.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.