Оны Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры өткізеді.
Медиа өкілдеріне арналған байқау жарияланды
Фото: mdq.kz
1,923
оқылды

2025 жылғы 1 тамыздан бастап Жұмысшы мамандықтар жылына арналған байқауға өтінімдер қабылданады.

Байқаудың басты мақсаты – адал еңбегімен елге үлгі болған азаматтарды таныту, жұмысшы мамандық иелері мен олардың қызметін танымал ету, еңбекқорлық, адалдық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу.

Байқауға журналистер, блогерлер, контент-мейкерлер, видеографтар, мобилографтар, фототілшілер, теле-радио қызметкерлері, БАҚ редакциялары мен шығармашылық ұжымдар мына номинациялар бойынша қатыса алады:

  • Үздік бейнеролик («Еңбек адамының бейнесі»)
  • Үздік телесюжет (Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын ілгерілету)
  • Үздік фоторепортаж (Шебердің бір күні)
  • Үздік радио сұхбат (Еңбек адамымен сұхбат)
  • Үздік публицистикалық мақала (Еңбек әулетінің жетістігі тарихы).  

Әрбір номинация бойынша 3 жеңімпаз анықталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.