Команда өз жолын Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінен бастады
«400 миллион теңге»: «Ақтөбенің» еурокубоктардан тапқан табысы белгілі болды
instagram.com/fcaktobe_official
1,676
оқылды

Қазақстандық «Ақтөбе» биылғы еурокубоктық маусымын аяқтады. Команда өз жолын Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінен бастап, екі матчтық қарсыластықта Польшаның «Легиясынан» 0:2 есебімен жеңілді. Осыдан кейін «Ақтөбе» Конференциялар лигасына ауысып, екінші кезеңде Чехияның «Спарта» клубынан 2:4 есебімен ұтылып, жарыстан шығып қалды.

Еуропа лигасына қатысқаны үшін «Ақтөбе» 175 мың еуро алды. Дәл осындай соманы клуб Конференциялар лигасына қатысқаны үшін де иеленеді, оған қоса, жарыстан шығып қалғаны үшін 350 мың еуро бонус қарастырылған. Осылайша, маусымдағы жалпы табыс 700 мың еуроға (432,5 млн теңге) жетті.

Маусым соңында бұл сомаға телевизиялық пен маркетингтік құқықтардан түсетін қосымша табыс қосылады.