Имамның сөзінше, дем салуға мұқтаж адам тек мешіттерге жүгінгені дұрыс.
«Ақша сұрады ма, қашу керек...»: Нұрлан имам жалған емшіден қалай сақтану керек екенін айтты
Фото: democrat.kz
1,348
оқылды

«Ырыскелді қажы» мешітінің Бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы BIZDIÑ ORTA подкастінде жалған емшілерге ұрынбаудың қарапайым шарттарын айтты, – деп жазды Aikyn.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

 "Бірінші, ақша сұрады ма, қашу керек. Мейлі, ол тіпті салық төлейтін болса да, сақ болу керек. Дінімізде дем салу сияқты жоралғылар үшін нақты баға қою жоқ. Содан қашу керек деп айтар едім. Екіншіден, сіз өз-өзіңізге дем сала аласыз", - деді ол.

Имамның сөзінше, дем салуға мұқтаж адамға тек мешіттерге жүгінген дұрыс.

"Үшіншіден, қандай дем салу керек болса да, әуелі жергілікті мешіттің имамына барыңыз. Одан кейін тура сондай бір жердің басқа имамына барыңыз. Сол жерде салыстыру арқылы ой қорытасыз", - деді Нұрлан имам.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.