Бітімгершілік – халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға ұмтылатын кез келген мемлекеттің сыртқы саясатының маңызды аспектісі. Орталық Азиядағы жас, бірақ өршіл мемлекет ретінде Қазақстан үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және басқа да халықаралық құрылымдардың бітімгершілік операцияларына қатысу оның белсенді сыртқы саяси бағытының бір бөлігіне айналды.
Бейбітшіліктің бастауы – бітімгершілік
3,461
оқылды

Классикалық мағынада Қазақ­стан Үкіметінің БҰҰ-мен бітімгерші­лік желі­сіндегі өзара іс-қимылы 2014 жылы Қарулы Күштердің бірінші әскери қыз­мет­шісін Ұйымның Батыс Сахараға әскери бақылаушы­сы ретін­де жіберген­нен кейін басталды.

Содан бері қазақстандық бітім­гер­шілік күштері әлемнің әртүрлі айма­ғында, соның ішінде Ливанда, Батыс Сахарада және Кот-д'Ивуарда қызмет етті. 2024 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Африка мен Таяу Шығыс­тағы миссия­лары­на қосымша әс­кери қызметші­лер­ін жіберді. Әсіре­се, Орталық Африка Республикасы, Мали және Конго Демо­кратиялық Республи­ка­сындағы миссия­лар қиындай түсті.

Қазақстан Голан биіктерінде БҰҰ-ның тәуелсіз мандатын алған ТМД-дағы бірінші және әзірге жалғыз мем­лекет болды, мұнда бүгінде біздің 139 әскери қызметші­міз қарсылас тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау бойын­ша маңызды тапсырманы орындауда. Кейбір қиын­дықтарға қарамастан, келіссөз­дер тиімділігін дәлелдеді. Сириядағы адам­дар­ға гуманитарлық көмек көр­сету әре­кет­тері жалғасып келе жатқа­ны белгі­лі болды.

Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгер­шілік миссияларына қатысуы халық­ара­лық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып қана қоймай, елі­міздің жа­һан­дық арена­дағы рөлін арттыруға ықпал етеді. Ол сондай-ақ қазақстан­дық әскери қызмет­шілерге құнды жау­ынгерлік тә­жірибе жинақ­тау­ға, кәсіби даярлығын арттыруға және көпұлтты жағдайдағы опера­ция­лар­ға бейімделуге мүмкіндік береді.

Жаһандық бейбітшілікті сақтау ба­ғытында жұмыс істейтін басқа көптеген ұйым бар. Мысалы, Ха­лық­­аралық Қызыл Крест Комитеті (ХҚКК) әскери қақты­ғыстар мен та­биғи апаттар кезінде гу­мани­тарлық көмек көрсетумен айналы­сады. ХҚКК-ның көптеген миссия­сы­ның ішінде Сириядағы азаматтық соғыс кезінде 10 миллионнан астам адамның кө­мекке мұқтаж екенін ескере отыр­ып, медициналық көмек көрсету мен азық-түлік жеткізу маңызды рөл атқар­ды.

Тағы бір мысал ретінде Еуро­падағы Қауіпсіздік және Ынтымақ­тастық ұйым­ын (ЕҚЫҰ) атауға болады. ЕҚЫҰ 1975 жылы құрылды және оның басты мақ­са­ты – Еуро­падағы бей­бітшілік пен тұрақ­тылық­ты сақтау. 2014 жылы Украинада болған дағдарыс кезінде ЕҚЫҰ бей­біт­шілік сақтау миссияларын жүргізіп, қақтығыстар­ды тоқтату үшін бірқатар дип­лома­тия­лық бас­тама ұсынды. Ұйымның бітім­гер­шілік контингентін дербес орна­лас­тыру туралы шешімі нормативтік-құқықтық базаны дамыту және әс­кери кадрларды даярлауды жетіл­діру бой­ын­ша жүйелі жұмыстың қисын­ды нә­тижесі болды. Бұл үдерісте Ал­маты қаласында бітімгершілік күштерді құқықтық, гу­манитарлық, тілдік және психологиялық дайын­дық­ты қамти­тын жан-жақты дай­ын­дықты қамта­масыз ететін «Бітім­гершілік операция­сы» орталығының құрылуы шешуші рөл атқарды.