Басқарманың ақпаратынша, «Жаңару» 556 ӨК-де блокты тұрғын үйлер бұзылады. Қажетті жұмыстар Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Үй құрылысы басталғанға дейін меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты тау етегін кесіп, тірек қабырғасын заңсыз салғаны үшін нұсқама берілген. Кейіннен мәжбүрлеп орындау туралы талап-арызбен әкімшілік шара қолданылды.
Кейін қолдағы рұқсат құжаттарына сәйкес меншік иесі бау-бақша үйлерін салуға кірісіп, екі блокты тұрғын үй салған. Құрылыс аяқталған соң меншік иесі нысанды бау-бақша үйі ретінде өз бетімен пайдалануға берген, бірақ бұл келісілген эскиздік жобаға сәйкес келмеген.
Қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданып, 2024 жылы 16 мамырда Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына бастапқы құжаттарды жою және нысандарды бұзу туралы талап-арыз берген.
Сот істері аяқталғаннан кейін 2025 жылы 20 мамырда меншік иесінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмай, бұзу туралы шешім заңды күшіне енді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.