Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Синоптиктер 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Фото: ашық дереккөз
603
оқылды

Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр күшейіп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, еліміздің оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал бірқатар аймақта жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +26+28°C, желдің жылдамдығы түнде 7-12 м/с, күндіз екпіні 9-14 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +37+39°C, желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +35+40°C, желдің жылдамдығы түнде 8-13 м/с, күндіз екіпіні 15-20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.