Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік желіде мешітте өзін белгісіз ер адамның мазалағанын айтып, видео жариялады. Қыздың айтуынша, ол мешіттен шығуға тырысқан кезде ер адам бөгет жасап, «бір реттік неке» ұсынып, интимдік қатынасқа итермелеген.
Оқиға желіде тарағаннан кейін облыстық Полиция департаменті видеоға талдау жасап, ер адамның жеке басын анықтап, оны бөлімшеге жеткізген.
ІІМ мәліметінше, ер адамға профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мұндай әрекеттердің заңмен тыйым салынғаны ескертілген.