Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Жібек Құламбаева екі бірдей санатта чемпион атанды – жекелей сында финалда Аружан Сағандықованы 6:4, 7:6 есебімен жеңсе, жұптық сында Жанель Рүстемовамен бірге топ жарды.
Әмір Омарханов жекелей сында жеңімпаз атанды. Финалда оның қарсыласы Григорий Ломакин бірінші партиядан кейін жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Айта кетейік, Ломакин бұған дейін Д. Қалдыбековпен бірге жұптық сында чемпион атанған болатын.