Қақтығыс шекарадағы даулы аумақта – Прэах Вихеар храмының маңында орын алып жатыр.
Камбоджа мен Таиланд шекарасында қақтығыс басталды – туристерге ескерту жасалды
istockphoto.com
866
оқылды

24 шілдеде Камбоджа мен Таиланд арасында қарулы қақтығыс басталып, үшінші күн қатарынан жалғасуда, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

Қақтығыс шекарадағы даулы аумақта – Прэах Вихеар храмының маңында орын алып жатыр. Екі тарап ауыр артиллерия мен әскери әуе күштерін (соның ішінде Таиландтың F-16 ұшақтары) қолданған. Камбоджа жағы да зымырандық соққылармен жауап берді.

Ресми деректер бойынша, кемінде 32 адам қаза тауып, 170 мыңнан астам тұрғын (130 мың – Таиландтан, 35–40 мың – Камбоджадан) қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Халықаралық ұйымдар мен БҰҰ тараптарды бітімге келуге шақырып жатыр, алайда атыс әзірге тоқтамай тұр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз