Оқиға «Қарағанды – Сұрыптау – Сарыбел» теміржол учаскесінде жолаушылар пойызында болған.
Жас әйел пойызда босанып, сәбиін дәретханаға ағызып жіберген
Фото: ашық дереккөз
1,035
оқылды

Қарағанды көлік прокуратурасы аталған  қайғылы жайтқа байланысты сот ісін аяқтады, - деп хабарлайды Аikyn.kz .

Todayinfo порталының хабарлауынша, 2025 жылдың 20 сәуірінде пойыз жолаушыларының бірі кенеттен толғақ ұстап, вагондағы санитарлық бөлмеде сәбиін босанған. Босану медициналық мекемеден тыс, ешқандай білікті көмек көрсетілместен өткен.

Тергеу барысында белгілі болғандай, психикалық дертпен есепте тұрған әйел сол сәтте ауруының асқыну кезеңінде болып, дүниеге келген нәрестесін санитарлық тесіктен лақтырып жіберген. Сәби теміржол жолына құлап, адам шошырлық жарақаттар алған.

Қарағанды облысы Осакаров ауданының соты әйелдің қылмыс жасаған сәтте ақыл-есінің орнында болмағанын анықтап, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.