Елімізге танымал продюсер Баян Алагөзованың кіші қызы Айару Бақытбек диплом алды.
"Калифорния университетін бітірсе де, эмоция жоқ": Баян Алагөзованың қызы диплом алды
Фото: интернеттен алынды
1,044
оқылды

Ол Калифорния университетінің бакалаврын аяқтап, сәлемдеме арқылы келген дипломын қолына алып, әлеуметтік желіде бөліскен, - деп хабарлайды Аikyn.kz MADENIPORTAL-ға сілтеме жасап.

Дипломында "Өнер" факультетінде оқығаны жазылған.

Дегенмен, Айарудың шетелдік ең мықты университеттердің бірін бітірсе де, ешқандай эмоция білдірмегені көпшілікті таңғалдырды. Бұл желі қолданушыларының назарын аудартып, оқырмандарының арасында қызу талқыға түсті.

Сондай-ақ ол әзірге магистратураға түсу ойында жоқ екенін айтты. Алайда тапсыратын болса, болашақта Чикаго қаласында тұрып, университетінде оқығысы келетіндігімен бөлісті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.