Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр күшейіп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, еліміздің оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал бірқатар аймақта жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +26+28°C, желдің жылдамдығы түнде 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +36+38°C, желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с.
Шымкентте күн қатты ыстық. Күндіз ауа температурасы +38+40°C, желдің жылдамдығы түнде 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.