Жақында салық комитетіне бардым.
Қайда жұмыс істейсіз?
4,728
оқылды

Мемлекеттік кәсіпорында істейтін қызметкерлер міндетті түрде тапқан табыстары мен мүліктері туралы декларация тапсыру керек екен. Оны электронды түрде компьютердің көмегімен толтырады. Бір жас қыздан көмек сұрадым.

– Қарындас, мына қағазды қалай толтырады?

– Мұның ешқандай қиындығы жоқ, міне бәрі көрсетіліп тұр, –  деп компьютерге үңілді. 

– Ағай, үйіңіз бар ма?

– Жоқ.

– Жеріңіз бар ма?

– Жоқ.

– Бизнесіңіз бар ма?

– Жоқ.

– Көлігіңіз бар ма?

– Жоқ.

– Банкте жинаған ақшаңыз бар ма?

– Жоқ, қайдан болсын? –  дедім.

– Ағай, сізде түк жоқ қой, –  деп күліп жіберді.

– Қарындас, күлмеңіз. Мемлекеттік мекемеден жалақы алатындар осындай болады, –  дедім.

Әлгі қыз аузын ашып отырып қалды...

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН