Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз ер адам қыз-келіншектерге тиіскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оған қоса, бейнебақылау камераларын әдейі жапсырып, құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрмек болған.
Полицияның мәліметінше, тұрғындардан бірнеше шағым түскеннен кейін ер адам ұсталып, бөлімшеге жеткізілген. Тексеру нәтижесінде оның әрекеттері әкімшілік құқықбұзушылық ретінде тіркеліп, іс сотқа жолданды.
Сот шешімімен құқық бұзушы 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қазір ол арнайы ұстау мекемесіне жеткізілді.
Құзырлы органдар тұрғындарды абай болуға, сондай жағдайға тап болса, бірден полицияға хабарласуға шақырады.