Қазақтың Еркесі күйеуінің берген сыйлығы көңілін босатқанын айтып, көпшілікке жария етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Өнер иесі алдымен аяғы ауыр кезінде жолдасынан алған сыйлықтарын көрсетті.
“2 жылда 2 бала босану оңай емес. Оны түсінген күйеуім, Батырға аяғы ауыр кезімде көңіл күйімді көтеру үшін бәрін жасады. Өздеріңіз куәсіздер. Соңғы айларда қатты ауырсынып жүргенде сыйлықты жаудырды. Қырқынан шығару кезінде де сыйлық алып берді. Әлі ашпадым да, тақпадым. Баршаңызға байдың қатыны болуды тіледім”, – деп жазды әнші.
Одан кейін ерекше сыйлыққа да тоқталды. Әншінің сөзінше, жолдасы оған арнап ән шығарған көрінеді.
“Жақында күйеуімнің барлық сыйлығын ысырып қоя салдым. Өйткені жолдасым маған баға жетпес сыйлық дайындады. Менің сахнаны сағынғанымды сезіп, өнер адамы екенім туралы әңгіме бастады. Сөйтіп, студияға мені отырғызып, өзінің маған арнап, ән шығарғанын айтты. Тыңдап, еңкілдеп, бір жылап алдым. Ең үлкен сый осы болды. Жақын арада сіздер де тыңдайсыздар. Райм, мен сені сүйемін”, – деп жазды Ерке.