Осылайша, еліміздің азаматтары 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалып, үш күн қатарынан тыныға алады.
Қазақстан азаматтарына қосымша демалыс беріледі
www.istockphoto.com
809
оқылды

2025 жылы қазақстандықтар Тамыздың соңында атап өтілетін Конституция күніне байланысты ұзақ демалысқа шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Биыл мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге тап келеді. Еңбек кодексіне сәйкес, егер мереке демалыс күніне сәйкес келсе, қосымша демалыс келесі жұмыс күніне, яғни бұл жолы 1 қыркүйек – дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, еліміздің азаматтары 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалып, үш күн қатарынан тыныға алады.

Бұдан бөлек, тамыз айының өзге апталарындағы дәстүрлі сенбі-жексенбі күндері де демалыс ретінде сақталады. Атап айтқанда:

  • 2–3 тамыз,

  • 9–10 тамыз,

  • 16–17 тамыз,

  • 23–24 тамыз,

  • 30–31 тамыз күндері — ресми демалыстар.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың тамызында қазақстандықтар 10 күн бойы демалады.