Крест формасындағы алқа таққаны үшін сынап, түрлі пікір білдіретіндер бар.
«Крест» тағатыным рас»: Баян Мақсатқызы жұртты толғандырған сұраққа жауап берді
Фото: әлеуметтік желі
1,236
оқылды

Продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде оқырман жиі қоятын сұрақтарға жауа берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Айтуынша, крест формасындағы алқа таққаны үшін сынап, түрлі пікір білдіретіндер бар. Продюсер бұл оқырман ойлағандай белгі емес екенін айтты.

«Мойнымдағы бұл әшекейді он жылдан бері тағып жүрмін. Иә бұл - крест. Бірақ бұл сіз ойлағандай «крест» емес, мұнда қазақтың қанындағы белгі бар. «Төртеу түгел болса» дегенді білдіретін төрттік «крест» бұл. Бұл – қазақтың ерекшелігін білдіретін таңба», - дейді Баян Мақсатқызы. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.