М. Тазабектің айтуынша, ол кейбір сөздерді дұрыс түсіну үшін де орысша қолданатын көрінеді.
Мұхамеджан Тазабек: «Мен – Абай дәстүрін ұстанатын адаммын»
1,006
оқылды

Мұхамеджан Тазабек өз сөздеріне не себепті орысша сөздер қосатынын айтып берді. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

”Мен негізінен қосып сөйлемеуге тырысамын. Бірақ орыс тілді аудитория да маған махаббаты оянып, жаныма жақындап жатыр. Кейбір құндылық соларға жеңіл жетсін деп орысша сөздерді қолданамын. Бірақ мен оны үлкен қылмыс деп есептемеймін. Себебі, ондай қылмыс басынан асып жатқандар көп. Жалпы айналып келгенде қоғам сені мәжбүрлейді. Сұраныс сені мәжбүрлейді. Мен Абай дәстүрін ұстанатын адаммын. Абайдың өзі кейбір сөздер дұрыс түсіну үшін өзінің өлеңіне де, қара сөзіне де орыс тіліндегі сөздерді қолданған”, – деді Мұхамеджан Тазабек.