Жуырда ҚР ҰҚК Шекара академиясының бір топ офицері көпшіліктің алдында «капитан» және «майор» шенін алып, салтанатты сәттің куәсі болды.
Жұлдызы жарқыраған шекарашылар
4,760
оқылды

Генерал-майор П.Поливановтың қолынан жаңа шен алу – олардың көпжылдық адал қызметінің жемісі. Бұл – тек әскери мансаптың өсуі емес, Отан алдындағы жауапкершіліктің де арта түскенін білдіреді.

Олардың қатарында: Р.Ихсаниев, А.Толымбеков, А.Мыныбаев, Ә.Қызайбаев, Н.Жұмағали, Б.Қуандық, Д.Әнуар, Д.Мұқатаев, И.Плеханов, Н.Алимғазин, Е.Болатов, А.Кабиев бар. Сонымен қатар бірқатар шекарашылар кезекті майор әскери шеніне қол жеткізді. Олар: Н.Ынтызарбек, Б.Бимахан, А.Рахымбердиев, Б.Ахатай, Д.Каметов, Н.Темірғали, Е.Кабдолла.   

Әскери өмірде кезекті әскери шеніңді өз уақытында алған жақсы. Кейде қызмет барысында мүлт кетіп, қалыс басып жататын кездер де болады. Онда әскери жарғыға сай сөгіс жарияланып, кезекті алайын деп тұрған әскери шеніңе кешірек қол жеткізесің. Қызығынан да қиындығы басым әскери салада өзіне жүктелген жауапты міндетті абыройлы атқара білетін, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар ғана шыдамдылық танытады. 

Мұнда тұрған жас офицерлер саналы ғұмырын қастерлі шекарашы мамандығына арнаған, Шекара академиясын әр жылдары бітірген  төрт жыл оқып, «лейтенант» шенінен бастаған нағыз өз ісінің майталмандары. Олардың әскери шені өскенімен, ел аманатын арқалайтын жауапкершілігі азайған жоқ. Ендеше Отан шекарасын күзеткен қайсар ұлдардың  жұлдыздары жарқырай берсін!  

 

Ж.ЖАБЫРБЕКОВ,

ҚР ҰҚК Шекара академиясының 

баспасөз хатшысы