Продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде өзін сынағандарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Оқырмандар оны отбасылық жағдайына қатысты хайп қуып жүр деп сынаған.
“Мөлдір, егер сен хайп жасасаң, халықты мазақ етсең, онда сен алаяқ қатарына қосыласың. Олай елді өзіме қаратамын деп мазақтауға болмайды. Халық саған ойыншық емес", "Не деген арзан хайп", "Отбасындағы проблеманы бүкіл елге жариялау не әдет?!" – деп жазды желі қолданушылары.
Алайда Мөлдір Мұқан бұл ешқандай хайп емес екенін айтты.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі туралы қауесет тараған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.