Бұл туралы синоптиктер мәлімдеді.
Бүгін Қазақстанның  басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
541
оқылды

Тек шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Шығыс өңірлерде бұршақ жаууы, дауыл тұруы және түнде қатты жаңбыр түсуі ықтимал. Солтүстік және орталық өңірлерде нөсер жауын жауса, батыс пен оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.

 

Астанада күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы +24+26°C, желдің жылдамдығы түнде 2-7 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +36+38°C, желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с.

 

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +37+39°C, желдің жылдамдығы түнде 8-13 м/с, күндіз екіпіні 15-20 м/с.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.