Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.
Астанада 12 автобустың бағыты өзгерді
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
3,331
оқылды

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірден 12 автобустың бағыты уақытша өзгертілді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

CTS мәліметінше, №18, 28, 47, 50, 52, 53, 54, 55А, 55Б, 60, 61 және 66 бағыттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілген.

Компания бұл бағыттардың жаңа қозғалыс схемаларын жариялады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.