Әнші, продюсер өнер жолында қандай кезеңді бастан өткергенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі өткен шақты еске алып, жақында Витебск қаласында өткен «Славян базары – 2025» халықаралық балалар байқауында Қазақстан атынан қатысқан жас өнерпаз Мирас Нағашыбай 1-орынды иеленгенін мақтанышпен жеткізді.
"Тәуелсіздік алған 1991 жылы халықаралық эстрадалық “Азия дауысы” конкурсында домбырамен шығайын дегенімде “Не формат” деп, біраз қарсылықтар болды басында. Домбыра - рухани ұлттық дүние, шығайын деп тұрған сахнам - эстрада жанры. Бәрімен дауласып, айтқанымнан қайтпай жүріп, термені де, күйді де, домбыраны да эстрада форматына үйлестіріп, қиыннан қиыстырып неше түрлі әдістер, амалдар жасап, Құдайға шүкір, жеттік-ау…. 100-пайыз қазақша шоу-бизнес. 7 жыл бұрын домбыра күні де пайда болды. 2 жыл бұрын Ұлытау облысы деп ауыз толтырып айтар күнге де жеттік, Құдайға шүкір! Күрделі мақсаттарыма аман-есен жеткізген, ерекше мейірімді Аллаға сансыз мадақтар болсын! 2025 жылы Алматы «Қарақат» мектеп студиясының шәкірті Мирас баламыз халықаралық “Славян базары” конкурсында Ақтанбердінің термесін орындап, 1-орынды жеңіп алды және қазақ мультфильмінен дәстүрлі термені, өзінің ана тілінде шебер орындағаны үшін арнайы жалғыз “премия” тапсырылғаны және оған бүгін 13 жасар Мирасымыздың жеткені менің жеткенім емес пе?" - деді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.