Әлеуметтік желілерде “Иманигүл” медресесінің ұстазы қыз балалар мен ұл балалардың “күнәға бататын” жасы туралы айтқан видеосы кеңінен тарап, қызу талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты democrat.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Бейнежазбада дін өкілі шариғат бойынша қыз бала 9 жастан, ал ұл бала 12 жастан бастап күнәға батуы мүмкін екенін айтады.
“Қыз бала шариғат бойынша 9 жастан күнәға батады. Ұлдар 12 жастан. Қазақта ‘Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі’ деген сөз бар. Ілім алуда пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өсиеті бар. Бір күні пайғамбарымыз мешітке кіргенде сахабалар екі топқа бөлініп, бірі – ілім, екіншісі – ғибадат жайлы талқылап отырғанын көреді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с): ‘Екеуің де дұрыс, бірақ іліммен айналысқандар абзалырақ’ деген екен. Ілім – өзгеге де, өзіңе де пайдалы, ал ғибадат – тек өзің үшін”, – дейді ұстаз.
Алайда желі қолданушылары дін өкілінің бұл пікірін сынға алды.