Әнші Әбдіжаппар Әлқожа бандиттердің тойына кіріп шыққан кездері болғанын айтып, олармен жақсы араласатынын алға тартты, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. Ол бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты.
Айтуынша, ол олармен жақсы араласады.
«Алматыдағы бандиттерді танимын. Бұрын соларға жақын болғаннан кейін танысып-білісіп алғанбыз, кейін әнші болып кетсем де бізге келіп араласып тұратын. Негізі бандиттер шынайы жігіттер ғой. Сөзге тоқтайтын, сөз сөйлей алатын жігіттер. Сол ортада бірге жүргеннен кейін олар мені ешқайда жұмсай алмайды. Жұмсауға ұялады. Әзірге ешқайсысы әлімжеттік жасаған жоқ. Ана тойға кіріп шықшы деп бұйырған емес. «Жарты ақшаңды берейін, өзімнің туысқанымның тойы еді» деп өтініш айтатындар болады. Жігіт арасында шешілетін әңгіме ол. Ондай кезде мен де жоқ демеймін», – дейді Әбдіжаппар Әлқожа.