25-27 шілде аралығында Ұлан-Батыр (Моңғолия) қаласында дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді. Бұл туралы ҰОК хабарлады. 
Моңғолиядағы Grand Slam турниріне Қазақстан атынан кімдер қатысады?
731
оқылды

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, аталмыш жарысқа қатысатын қазақстандық балуандардың тізімі төмендегідей:

60 келіге дейін: Талғат Орынбасар, Нұраділ Әлжан

66 келіге дейін: Ержен Еренғайыпов, Бауыржан Нарбаев

73 келіге дейін: Саят Сейітқалиев

81 келіге дейін: Мейіржан Жұмабек

90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков

Ал әйелдер арасындағы сайыста Толғанай Әбеуова (52 келіге дейін) бақ сынайды.