Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады.
17 шілдеде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады: синоптиктер ескерту жасады
Фото: istockphoto.com
699
оқылды

17 шілдеде еліміздің 14 облысында аптап ыстық болады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Абай облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл болады. Солтүстік, солтүстік-шығыс жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Аптап ыстық – 35-38°C. Солтүстік-батыс пен орталықта жоғары, оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35°C аптап ыстық. Өңірдің батысы, солтүстігі және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Ақтөбе облысында түнде батысы мен орталығында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Жел - 15-20 м/с. Күндізгі температура – 35-37°C. Өрт қаупі – орталық пен оңтүстікте өте жоғары, солтүстігі мен батысында – жоғары.

Атырау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел - 15-20 м/с. Күндіз 35-38°C. Солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде – өте жоғары, батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысында түнде орталығы мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Жел - 15-20 м/с, екпіні - 23 м/с. Күндіз оңтүстігінде 36°C ыстық болады. Өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысында жел - 15-20 м/с. Күндіз - 38-41°C аптап ыстық. Өңірдің батысы, шығысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел - 15-20 м/с. Күндіз - 35°C ыстық. Өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі және шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Түнде тұман болады. Жел - 15-20 м/с. Күндіз оңтүстікте 36°C ыстық. Өрт қаупі – оңтүстік-батыста өте жоғары, оңтүстік-шығыста – жоғары.

Қызылорда облысында күндіз 40-43°C қатты ыстық болады. Өрт қаупі – өте жоғары.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Жел - 15-20 м/с. Күндіз 35-38°C ыстық. Солтүстігі мен шығысында – жоғары, батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының Солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Күндіз 38-40°C аптап ыстық. Өрт қаупі – өте жоғары.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел - 15-20 м/с. Күндіз 35°C ыстық. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде тұман түседі. Жел - 15-20 м/с.

Түркістан облысының батысы мен шөлді аумақтарында 40°C ыстық. Өрт қаупі – өте жоғары.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жел - 15-20 м/с. Күндіз 35-39°C аптап ыстық. Оңтүстік бөлігінде – өте жоғары, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.