Тау бөктерінде өткен дүбірлі тойға елімізге танымал шоу-бизнес өкілдері, блогерлер қатысты.
«Дарақылық»: Тележүргізуші Гүлмира Дайрабаеваның ұлы тойын дүркіретіп өткізді
6,119
оқылды

Алматыда тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева ұлының тойын дүркіретіп өткізді. Блогер Артур Асқарұлының қуанышына жиналғандар беташар рәсімінде қаржылай сыйлықпен жарысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Тау бөктерінде өткен дүбірлі тойға елімізге танымал шоу-бизнес өкілдері, блогерлер қатысты.

Эстрада жұлдыздарынан Роза Рымбаева, «Дос-Мұқасан», «МузАРТ» тобы, Айгүл Қосанова сынды әншілер болды. Қуанышқа ортақтасқан қонақтар кештің ерекше форматта өткенін, ұйымдастыруы мен безендірілуіне жоғары баға берген.

Сондай-ақ жұртты Артурдың тойға қайықпен кіріп келуі де таңғалдырды. Бұған желідегі оқырмандар «дарақылық» деген пікір қалдырған.